• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Тамыз, 2024

Елімізде 13,8 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

65 рет
көрсетілді

1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 835 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 806 жұмыс беруші бар. Оларда 428,3 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,8% - ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 825 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 1 895 адам, әкімшілік және көмекші қызметтерде – 1 577, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында – 1 377 адам, өңдеу өнеркәсібінде – 1 351 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 248 адам, Өзбекстан – 1 956 адам, Түркия – 1 146 адам, Үндістан – 1 066 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 21,5 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.