• RUB:
    5.27
  • USD:
    480.63
  • EUR:
    535.13
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Тамыз, 2024

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты: 4 адам құтқарылды

58 рет
көрсетілді

Өскеменде бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды, 4 тұрғын құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шыққан. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп,  құтқару құрылғысының көмегімен 4 тұрғынды құтқарған. Олардың арасында 3 бала бар.

Сондай-ақ түтін аймағынан 10 тұрғын эвакуацияланды. Пәтердегі тұрмыстық заттар өртенген, өрт 30 шаршы метр алаңда шарпыған.

ТЖМ-нің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар