• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Тамыз, 2024

Оқиға орнында көз жұмды: Астанада автобус әйел адамды қағып кеткен

133 рет
көрсетілді

Бүгін Астанадағы Тұран мен Сығанақ көшелерінің қиылысында жолаушыларды тасымалдайтын автобус әйел адамды қағып кеткен, деп жазады Egemen.kz.

Қайғылы жағдай жаяу жүргіншілер жолағында болған. 

Сығанақ көшесімен келе жатқан автобус Тұран даңғылына бұрылған сәтте реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бұл туралы ақпарат «102» нөміріне келіп түскен. Келіншек алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген қалалық Полиция департаменті таратқан хабарламада.