• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Тамыз, 2024

Бұйырғаны – жеті жүлде

40 рет
көрсетілді

Иорданияның астанасы Амманда күрес түрлерінен жас­өспірімдер арасындағы (U-17) әлем біріншілігі аяқталды. Бұл жа­рысты Қазақстан құрамасы жеті жүлдемен қорытын­дылады.

Аталған жарыста елі­міздің грек-рим кү­ресі шеберлері қос күміс медальды жеңіп ал­ғаны жайында біз бұған дейін де жаздық. Ол жүлделерді Ал­па­мыс Болатұлы (55 кг) мен Ер­ке­бұлан Әнапия (80 кг) олжалады.

Жасөспірімдер коман­да­сының аға жаттықтырушысы Алмат Кебісбаев бұл біріншілікті былай деп қорытындылады: «Жарыс жолына шыққан 10 ба­луаннның тең жартысы жартылай финалға дейін жетсе, екеуі күміс медальды мойнында жарқыратты. Сол себепті де Аммандағы өнеріміз жақсы деген бағаға лайық деп ойлаймын. Әрине, бұдан да тәуір нәтиже көрсетуге болар еді. Бірақ бұйыр­ғаны – сол. Менің балғын ба­луандармен жұмыс істеп жүргеніме үш жылдың жүзі болды. Командаға дәрігерлер мен массажист секілді мамандық иелері жетіспейді. Жалпы, жас өрендер ересектерден кем ең­бектенбейді. Олар да күн сайы­н екі рет жаттығып, көп тер төгеді. Одан кейін ағзаны қайта қалпына келтіру жұмыстары тиісті деңгейінде жүргізілмейді. Басты проблема – осы. Соған қарамастан шәкірттерім әлемдік додада жеңіс тұғырына көтерілу үшін барын салып, көпшілік көңілінен шығатындай өнер көрсетті».

Қыздар күресінен өткен жарыста үш қола медальды ен­шіледік. Шешуші сында Анна Стратан (57 кг) грекиялық Мэни Маниді, Ұлдана Тілеухан (65 кг) бейтарап спортшы ретінде қатысқан ресейлік Анастасия Команованы және Медина Қуанышбек (46 кг) украиналық Евгения Друзенконы қапы қалдырды.

Кейінгі күндері Дәулет Нияз­беков жетекшілік ететін еркін күрес шеберлері сайысқа түсті. Парсы шығанағына сапар шеккен өрендеріміздің арасынан Едіге Қасымбек ең жақсы нәтиже көрсетті. 110 кг салмақта күш сынасқан балуан бастапқы бәсекелерде үндістандық Сингх Джаспоран мен жапониялық Юки Ямо­мотаны жеңсе, жартылай финалда ирандық Абдолфазл Мұ­хаммад Нежадттан айласын асырды. Финалда Едіге аме­рикалық Майкл Джозеф Мок­­комен айқасты. Бұл тартыста АҚШ-тан келген апай­төс­тің асығы алшысынан түсті. Осылайша, біздің жігіт қа­тарынан екінші әлем бірінші­лігінде күміс медальды иеленді.

65 кг салмақ дәрежесіндегі Бақдәулет Әкімжан жартылай финалда қырғызстандық Рустамжан Қахаровке жарытып қарсылық көрсете алмады. Есесіне іле-шала грузиялық Рати Ревазашвилидің тас-талқанын шығарған ол қола медальды ен­шіледі. Өкінішке қарай, өзге өрендеріміз бұл жарыста сенім үдесінен шыға алмады.