• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 27 Тамыз, 2024

Адам құқын қорғау – жоғары мәртебе

27 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Бас прокуратура ұжымы­мен кездесті. Басқосу кезінде Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында белгілеп берген идеологиялық басымдықтар, сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс мәселелері талқыланды.

Депутат Сенаттың заң шығару қызметі туралы айтып, қоғамдағы өзара құрмет пен сенімді нығайту­дың және заң мен тәртіпті сақтау­дың маңызды екенін атап өтті.

«VIII сайланған Парламенттің II сессиясы барысында 102 заң қабылданды. Оның үштен біріне депутаттық корпус бастамашы болды. «Қоғамдық бақылау туралы», «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы», «Масс-медиа туралы», басқа да заңдар азаматтардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ азаматтық қоғамды одан әрі дамытуға арналған. Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды көздейтін заңнама күшейтіліп, лудоманиямен күрес шаралары да қабылданды», деді Бибігүл Жексенбай.

Сонымен қатар Парламент депутаты сенаторлар ел Прези­дентінің тапсырмасымен қолға алын­ған бағдарламалар мен жоба­ларды іске асыру аясында айтарлықтай жұмыс атқарғанын атап өтті.

«Адам құқықтарын қорғау – жауапты міндет қана емес, сонымен қатар жоғары мәртебе. Осы ретте Мемлекет басшысы белгілеп берген ұлттық құндылықтар құқық қорғау органдары қызмет­керлерінің жұмысында негізгі қағидатқа айналады деп сенеміз. Бұл құндылықтар – әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кезінде олардың әрекеттері мен тәсілдерін анықтауға, қоғам­ның сенімін нығайтуға және елде әділ құқықтық кеңістік қалып­тастыруға ықпал ететін үлкен күш», деді сенатор.