Балқашта бесінші қабаттан құлаған үш жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 31 тамызда болған. Бала ата-анасының қарауынсыз қалды.
- Бала алған жарақаттарынан қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады ведомстводан.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда әйел көпқабатты үйден құлап, көз жұмған болатын. Қайғылы оқиға Ақтау қаласының №33 шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Әйел оқиға орнында көз жұмды. Полиция өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.