• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 10:43

Ел хоккейшілері Олимпиада жолдамасын иелене алмады

35 рет
көрсетілді

Шайбалы хоккейден Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы жолдама иелене алмады, деп жазады Egemen.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Шешуші матчта Қазақстан құрамасы Словакияға есе жіберді. Қос команда D тобында 6 ұпай жинап Венгрия мен Австрияны қапы қалдырған. 

Ал Олимпиада жолдамасына қорытынды матчта жеңіске жеткен команда ғана қол жеткізетін еді. Бұл кездесуде ел құрамасы Слоавкия хоккейшілерінен 3:1 есебімен жеңілді. 

Қазақстан сапынан жалғыз шайбаны Никита Михайлис соқты. Осылайша, Олимпиада ойындарына Словакия жолдама алды. 

Еске салайық, бұл турнирде Қазақстан Венгрияны 5:2, Австрияны 2:1 есебімен ұтқан еді.