• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
ЖОЛДАУ 04 Қыркүйек, 2024

Жолдаудың басты бағыты

166 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар қаралды.

Бізге сапа маңызды

Үкімет отырысы Президент Жарлығымен тағайындалған Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың ант қабылдауымен басталды. Премьер-министр жауапты қыз­метте жаңа министрге та­быс тілеп, бұрынғы министр Ермек Маржықпаевқа атқар­ған жұмысы үшін алғысын білдірді.

Отырыстың күн тәртібін­дегі негізгі мәселені қарау барысында Үкімет басшысы Прези­денттің «Әділетті Қазақ­стан: заң мен тәртіп, эконо­микалық өсім, қоғамдық опти­мизм» атты Жолдауы  әрбір жолы қазіргі заманның шынайы талаптары мен сын-қатерлеріне жауап беретін маңызды әрі дер кезінде жарияланған құжат екенін атап өтті.

«Президенттің Жолдауын сапалы іске асыру – біздің басты міндетіміз. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл мақсатқа экономиканың құрылымын өзгерту ар­қылы қол жеткізе аламыз. Салалардағы мұндай өзге­рістер қазірдің өзінде тау-кен секторының үлесін азайтып, өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқынын арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ біз жоғары деңгейде өңделген өнім шығаруға басымдық беретін боламыз. Бұл саланың әлеуеті үлкен. Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдіктер барынша көңіл бөлуге тиіс проблемаларды нақты белгілеп берді. Барлық мемлекеттік органдар Президент айтқан тапсырмаларды жан-жақ­ты пысықтап, қойылған мін­деттерді шешудің нақты жолдарын айқындауы қажет», деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы бюджет қаражатын оңтайлы жұм­сау­дың маңыздылығына тоқ­талды. Сондай-ақ респуб­лика­л­ық бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету бағытында жұмысты едәуір күшейту қажет екенін айтты.

 

Стратегиялық бағдар жолында

Премьер-министр Мемле­кет басшысының Жолдауы Үкімет пен қоғам үшін страте­гиялық бағдар екенін атап көрсетті.

«Жолдау бізге таяу мер­зім­ге арналған мақсат-міндет­тер­мен қатар нысаналы көрсеткіштері және индикатор­лары белгі­ленген нақты іс-қимыл алго­ритмін айқындап берді. Әрбір тармақтың орындалуы қатаң бақылауда болады. Бұл ретте қорытынды нәтижеге, оның экономикаға тиімділігі­не баса назар аударылады. Аза­маттардың табыс деңгейін арттыру – Үкімет жұмысының өзгермейтін басты мақсаты. Кәсіпкерлікті дамыту, халық­ты жұмыспен қамту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттік бюджетті ұтымды бөлу айтарлықтай экономикалық өрлеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте Мемлекет басшысы атап өткендей, «экономика өскен сайын әлеуметтік теңсіздік азайып, орта тап күшейе түсуі керек. Мемлекет басшысы терең өңдеу кластерлерін құру жөніндегі әрбір ірі жоба бо­йынша өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану маңызды екенін атап айтты. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, отандық өндіру­шілерді қолдау мәселе­лерін неғұрлым белсенді ілгерілетуді және сабақтас өндірістерді құра оты­рып, кластерлік жүйені дамы­туды ескеріп, әрбір жобаны іске асырудың нақты жос­парын жаңартуы қажет. Авто­мобиль өнеркәсібі бойынша Өнер­кәсіп министрлігіне өн­діріс­терді локализациялау дең­ге­йін белсенді арттыруды тап­сы­рамын», деді Үкімет басшысы.

Үкімет басшысы газбен қамту мәселесіне де назар аударып, салаға талдау жүр­гізу және қандай энергия объек­тілері газға ауыстырылатынын айқындау қажет екеніне мән берді. Жаңа газ өңдеу қуаттарын салу үшін Энергетика министрлігіне инвестициялық шешімдер қабылдауды жеделдету тапсырылды. Елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін қаржылық даму инс­­титуттарымен бірлесіп 1 қа­ра­шаға дейін жаңа генера­ция ны­сандарының құры­лысына ұзақмерзімді кредит беру тетіктерін әзірлеу қажет. Сондай-ақ Энерге­тика министрлігі мүдделі мемле­кет­тік органдармен бірлесіп 6 қа­занда республикалық референ­думды ұйымдастыру және сапалы өткізу жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.

Ұлттық экономика ми­нистр­лігіне мүдделі мемлекет­тік органдармен бірлесіп биыл­ғы 1 қарашаға дейін Үкімет­ке Энергетикалық және ком­муналдық инфра­құры­лымды жаңғырту жөнін­дегі ұлттық жобаны бекіту жөніндегі қаулы жобасын енгізу жүктелді.

«Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап нақ­ты тұтыну нормаларын енгізу қажеттігін атап өтті. Сондықтан адамдарды ресурс­тарды ұтымды пайдалануға ынталандыру керек. Ұлттық экономика министр­лігі жыл соңына дейін таби­ғи монополиялар саласын­да реттеліп көрсетілетін ком­муналдық қызметтерді тұты­ну мөлшеріне қарай тұты­ну нормаларын енгізсін», деп тап­сырма берді Олжас Бектенов.

Премьер-министр көлік-логис­тика секторының мәсе­лелеріне назар аударып, көлік инфрақұрылымын қол­дау мен дамыту үлкен инвес­тицияларды тартуды талап ететінін ескертті. Осындай шаралардың бірі – «Қазақстан темір жолы» ҰК көрсететін қызметтердің тарифтерін қайта қарау. Соған орай «Самұрық-Қазына» қоры Көлік министрлігімен бірге жүктерді теміржол көлігімен тасымалдаудың жаңа тариф­тік саясатын әзірлеуі қажет.

Облысаралық және аудан­ара­­лық бағыттардағы жолдар­ды орташа жөндеуді қам­ту­ды ұлғайту үшін Көлік ми­нистр­лі­гіне осы жылдың 1 жел­­тоқ­санына дейін нақты жоба­лар­ды, көрсеткіштерді және қар­жыл­андыру көздерін ай­қындай отырып, егжей-тег­жей жоспар әзірлеу тапсырылды. Қара­жаттың мақсатқа сай жұм­салуын бақылаудың бәрі және осы жұмыстардың мо­ни­торингі Бірыңғай цифр­лық платформа арқылы жүргізілуге тиіс.

Көлік министрлігіне Өнер­кәсіп министрлігімен және «Бәйтерек» холдингімен бір­лесіп шағын әуе кемелерін сатып алу тетіктерін пысықтау жөнінде тапсырма берілді.

 

Цифрландыру және экология мәдениеті

Мемлекет басшысының Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Премьер-министр шаруаларды қаржыландыру жүйесін қайта қарау жөніндегі негізгі міндеттерді белгіледі. Ауыл шаруашылығы министрлі­гіне қаржы-экономикалық блокпен және «Бәйтерек» холдингімен бірге тікелей субсидия беруден төмендетілген мөлшерлемелер бойынша қолжетімді несие беруге біртіндеп көшу тетігін әзірлеуді тапсырды. Бұл жұ­мысқа екінші деңгейдегі банктерді тарту керек.

Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы деректерді бұрмалау факті­леріне қатысты саланы цифр­ландыру жөніндегі жұмысты күшейту және деректерді кез келген бұрмалап берудің жолын кесу қажет. Сондай-ақ Бас прокуратурамен бірле­сіп, жерді алып қоюдың оңай­ла­тылған тәртібін әзірлеп, қабыл­дауды жүктеді.

«Мемлекет басшысы еліміз­дің орман алқаптарын ұлғай­туды, оның ішінде «Семей ор­маны» резерватының тұ­қым­дық материал өсірудегі тәжірибесін пайдалануды тапсырды. Экология министрлігі осы жобаны орманды өңірлер­дің бәріне таратуы керек. Эко­логиялық мәдениетті дамыту­дың 2029 жылға дейінгі тұжы­рым­дамасы қоршаған ортаны таза күйінде сақтаудың және «Таза Қазақстан» эко­ло­гиялық науқанының жал­ғасына айналуға тиіс. Бұл тұжырымдаманы осы ай­дың соңына дейін қабыл­дау қажет», деп атап өтті Үкімет басшысы.