• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Мектеп 04 Қыркүйек, 2024

Қосшыдағы заманауи мектеп

66 рет
көрсетілді

Білім күні Қосшы қаласында 1 200 орындық мектеп ашылып, алғашқы қоңырау салтанаты тұрғындардың көл-көсір қуанышымен көмкеріліп, әдемі әсерге бөледі.

Қосшы қаласы тұрғындарының жыл санап өсіп келе жатқан­дығы белгілі. Қала мәртебесін алған үш жылдың ішін­де төртінші мектеп ашылып отыр. Қазір елді мекенде 8 білім ошағы жұмыс істеп тұр. Қазір қалада 11 мың­нан астам оқушы бар екенін айта кетсек артық болмас.

Көрген көзді сүйсіндіретін үш қабатты заманауи мектеп үйінде оқушылардың терең білім алуына барлық жағдай жасалған. Мұнда 48 пән кабинеті, бай кітапхана бар. Металл, ағаш өңдейтін және тігін шеберханалары қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген. Екі спорт, салтанат залдары айнадай жарқырап тұр. Мектеп оқушылары тамақтанатын кең де жарық асханасы қандай!

Жаңа оқу жылында білім ошағының табалдырығын бес жүзден астам оқушы аттап отыр. Оларға 35 ұстаз тәлім-тәрбие береді. Бір айта кетерлігі, жергілікті ұлт тілінде білім беретін білім ошағы ел ертеңі – оқушылар мен ұлағатты ұстаздарға мейлінше жайлы. Қауіпсіздікті сақтау мәселелері де ескерілген.

Білім ошағы облыстық бюджет есебінен салынған. Құрылыс жұмыстарын «ФБК Дело» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырыпты. Құрылысшының қалағынан жаңа шыққан еңселі ғимарат жас толқынның бойына білім нәрін қапысыз құяры сөзсіз.

 

Ақмола облысы,

Қосшы қаласы