26 тамыз бен 2 қыркүйек аралығындаСербияның Суботица қаласында бокстан халықаралық турнир өтті, деп жазады Egemen.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Байрақты турнирде Қазақстан, Грузия, Әзербайжан, Словения, Австрия, Шотландия, Беларусь, Черногория, Босния және Герцеговина, Румыния, Латвия, Польша, Косово, Ресей және Сербияның былғары қолғап шеберлері бақ сынады.
Бұл бокс бәсекесінде ел намысын 9 жас боксшы қорғап, оның бесеуі жүлдегер атанды.
Атап айтсақ, Дәулет Боранқұлов (51 келі), Рамазан Орынбасар (54 келі), Әділет Ерманов (54 келі), Жәңгір Алдаберген (67 келі) және Даниял Райымбеков (92 келі) турнирдің қола жүлдесіне қол жеткізді.