• RUB:
    5.41
  • USD:
    483.57
  • EUR:
    534.49
Басты сайтқа өту
Білім Кеше

Қазақстанда ерекше балаларға арналған арнайы колледж ашылды

27 рет
көрсетілді

Шымкентте ерекше балалар оқитын мектеп-интернат жанынан арнайы колледж ашылды, деп жазады Egemen.kz. 

Елімізде алғаш рет ашылған инклюзивті колледжге 48 ерекше бала қабылданған. Оның 25-і тігіншілік ісін үйренсе, 23-і ағаш өңдеуді меңгереді.

«Жеңілдетіп жазған бағдарламаларымыз бойынша сабақ өтеміз. Практикалық және теориялық сабақтарды бірге алып жүреміз. Өйткені олар көп нәрсені тез ұмытып қалады», дейді директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Зарифжан Құрбанбаев.

Qazaqstan ұлттық арнасы хабарлағандай, аталған колледж ата-аналардың сұранысына орай аспаз, аяқ киім шебері мамандықтары бойынша да топ ашуға әрекет етіп жатыр. Сондай-ақ мобилограф, ІТ мамандарын оқыту жоспарланып отыр.