Ақмола облысының тәртіп сақшылары жеке үй аумағынан автокөлік ұрлап кеткен жасөспірімдерді қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Polisia.kz сайтының жазуынша, осы жылғы 24 маусымда Целиноград ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан Subaru Legacy автокөлігінің ұрланғаны туралы хабарлама түскен, шығын сомасы 1 млн 200 мың теңгені құраған.
Қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілер ретінде сол маңдағы ауылдардың бірінің 16 жастағы үш тұрғынын анықтады.
Полиция қызметкерлері тергеп-тексеру жұмыстарын бастап кетті.