• RUB:
    5.41
  • USD:
    483.57
  • EUR:
    534.49
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 14:28

Паралимпиада-2024: Жүзуден қос спортшымыз финалға шықты

33 рет
көрсетілді

Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде SB11 санатында сынға түскен Әмір Мұратбеков іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.

Ол 100 метрді брасс әдісімен 1:21.66 уақытта жүзіп өтіп, финалға жолдама алды. Финал Астана уақытымен 21:01-де өтеді.

Ал келесі отандасымыз Нұрдәулет Жұмағали SB13 санатында жүзуден Азия рекордын жаңартты. Ол іріктеу кезеңінде 1:05.11 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші жетті.