• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Денсаулық 05 Қыркүйек, 2024

Шымкенттік дәрігерлер бір келіге де жетпей туған баланы аман алып қалды

80 рет
көрсетілді

28 шілдеде Шымкенттегі №2 ауруханасының перзентхана бөлімінде 27-апталық бала дүниеге келді. Сәбидің туған кезде салмағы бар-жоғы 970 грамм, ал жағдайы ауыр болған, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлердін айтуынша, сәбиге алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Туа біткендегі ағзаларының толық дамымауына байланысты нәресте протокол бойынша жансақтау бөлімінде толық емін алып шыққан.

- Өкпені жетілдіруге арналған препараттар, антибиотиктер, ағзаның өсуіне қажетті инфузионды терапия арқылы ем жүргіздік. Өмірінің 38-тәулігінде жағдайының тұрақты болуына байланысты нәрестелер потология бөліміне ауыстырдық, - дейді №2 қалалық ауруханасының дәрігер-неонатологі Қаракөз Асқарқызы.

- Қазіргі таңда ана мен баланың өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ" дейді дәрігерлер.

Ал баланың салмағы 1 512 граммға жеткен. Бала өздігінен дем алады.