• RUB:
    5.35
  • USD:
    482.94
  • EUR:
    535.97
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 14:26

Паралимпиада - 2024: Жаңыл Балтабаева мен Бибарыс Сыпатай жартылай финалға шықты

25 рет
көрсетілді

Парижде өтіп жатқан паралимпиадада пара каноэден жарыс жолына шыққан отандастарымыз іріктеу кезеңінен сүрінбеді, деп жазады Egemen.kz.

200 метр қашықтықта бақ сынаған Жаңыл Балтабаева мен Бибарыс Сыпатай жартылай финалға жолдама алды.

Жаңыл Балтабаева  VL3 санатында сынға түсіп, 1:04.72 уақыт көрсеткішімен іріктеуде іркілмеді. Енді жерлесіміз 7 қыркүйек күні Астана уақытымен 13:49-да жартылай финалда өнер көрсетеді.

Бибарыс Сыпатай KL2 санатында белгіленген қашықтықты 48.50 секунд нәтижесімен қорытындылады.  Спортшы финалға өту үшін ертең 13:14-те сынға түседі.