• RUB:
    5.36
  • USD:
    480.55
  • EUR:
    533.75
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 14:52

БҚО-да құтқарушылар ірі жарылыстың алын алды

27 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында жарылыстың алды алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Қаратөбе ауданы Шөптікөл ауылында гараж өртеніп, өрт жақын орналасқан жеке тұрғын үйдің шатырына ауысты, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Барлау барысында өрт сөндірушілер өртке оранған құрылыстан 2 оттегі баллонын тауып, оларды суытып, қауіпсіз жерге алып шықты, – деп қосты ведомство.

Өрт сөндірушілердің күшімен 160 шаршы метр алаңдағы өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.