• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 08 Қыркүйек, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысын қабылдады

79 рет
көрсетілді

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға арнайы келген Айсен Николаевпен кездесуде өңіраралық ықпалдастықты нығайту және екіжақты байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлер арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамыту Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастардың ажырамас бөлігі саналатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Саха Республикасымен өнеркәсіп, сауда, IT-сектор, ауыл шаруашылығы және кен игеру индустриясы секілді түрлі салаларда ынтымақтастықты күшейтуге айтарлықтай мүмкіндік бар екеніне назар аударды.

Айсен Николаев көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтып, Якутия мен Қазақстан арасындағы байланыстарды кеңейтудің маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ ол басым бағыттарда бірлесе жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізіп, алдағы уақытта екіжақты байланыстардың нығая түсетініне сенім білдірді.