• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Маусым, 2015

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы басшысы тұтқындалды

320 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 маусым. Астананың Алматы аудандық №2 сотының шешімімен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев 2 айға үй қамаққа алынды. Бұл туралы «ҚазТАГ» және tengrinews.kz интернет ресурстарына сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады. Сот шешімінде: «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 4-бөлімі, 176-бабының «б» тармағы бойынша – «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде иелену немесе талан-таражға салуға» күдікті Талғат Ермегияевке қатысты «үй қамақ» түрінде бұлтартпау шарасын қолдану санкциялансын», – делінген. Бұған дейін аталған компанияға қарасты құрылыс департаментінің бұрынғы директоры Қажымұрат Үсенов ұсталып, үй қамаққа алынған болатын. Ал 11 маусымда Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Еламан Қоңыр. Дерек: «ҚазАқпарат». Сурет: ratel.kz.