Бүкіл әлем көз тіккен V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары күні кеше елордада бастау алды. Астана төрінде өтіп жатқан дүбірлі додаға 89 елден 2 430 қатысушы тіркелген. Оның ішінде жаттықтырушылар, спортшылар, мәдени және ғылыми жобаларға қатысатын ғалымдар, зерттеушілер де бар. Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын асыға күткен оқырман назарына ойынның қызу әрі қызықты сәттерін ұсынамыз.
2014 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан көшпелілер ойындарында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Медальдің жалпы саны – 581 дана.
Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының жүлде қоры – 250 млн теңге.
Қонақтарды қабылдау үшін елордадағы 20 қонақ үй мен 331 көлік құралы жұмылдырылады. Қатысушылар үшін қонақ үйлерден спорттық нысандарға арнайы шатл басстар ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпелілер ойындары алғаш рет Қырғызстанда (2014 жылы) өтіп, кейін екеуі де (2016 және 2018 жылдары) осы елде ұйымдастырылды.
Ал 2022 жылы Түркияның Изник қаласында өтті.