АСТАНА. 14 маусым. Бір емес екі рет зілзаладан зардап шеккен елге бұл сома табиғи апаттан кейін аяғынан тік тұру үшін қажет. Бұл туралы 24 kz телеарнасы хабарлады. Бергілікті билік сырттан көмек сұрауға мәжбүр блып отыр. Непал үкіметі 36 ел мен 24 демеушілік қорларға үлкен үміт артатындықтарын жасырмады.
Осы жылдың 25 маусымында аталған елде қалпына келтіру жөнінде конференция өтеді. Онда қаржы мәселесі басты назарға алынбақ.
Айта кетейік, сәуір мен мамыр айларындағы жойқын жерасты дүмпуінен 8 мың 700 адам қаза тапқан болатын. Сонымен қатар 800 мыңға жуық ғимараттың тас-талқаны шыққан еді.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: 24 kz телеарнасы.