• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Қыркүйек, 2024

Елорда тұрғыны дүкенде ақша толы сөмкені қолына іле кеткен

76 рет
көрсетілді

Байқоңыр ауданының Полиция басқармасына азық-түлік дүкенінің иесі жүгінген, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға жүгінген әйелдің айтуынша, күндіз тауарды түсіру кезінде ол 1 млн 390 мың теңге салынған сөмкені дүкен сөресінде қалдырған. Сол уақытта сатып алушылардың бірі сөмкені қолына іле кеткен.

Күдікті ұсталды. Кінәсін мойындаған 34 жастағы қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тәркіленген ақша толы сөмке жәбірленушіге қайтарылды.