• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
14 Маусым, 2015

Грузияда 15 маусым қаралы күн болып жарияланды

293 рет
көрсетілді

АСТАНА. Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвили 15 маусымды осы елдегі су тасқынынан қаза тапқандарды еске алуға орай қаралы күн деп жариялады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Премьер-министр Ираклий Гарибашвили: «Өкінішке орай, адамдар опат болды. Бұл үлкен қасірет. Қаза тапқандардың отбасылары мен туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтамын. Грузия үкіметінің 15 маусым күнін қаралы күн деп жариялау туралы өкімі шықты», – деді. Айта кетейік, елдегі тасқыннан 12 адам қаза тауып, ондаған отбасылар үйсіз-күйсіз қалды. Естеріңізде болса, бірнеше сағат толассыз жауған жауыннан Грузия астанасы Тбилиси қаласындағы мөлтек аудандар тасқын судың астында қалған болатын. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».