АСТАНА. 14 маусым. Ресейде өтіп жатқан өнер иелері арасындағы футболдан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Қазақстан құрама командасы ширек финалда Словениядан 4:1 есебімен басым түсіп, бесінші орынға тұрақтады. Ал әлем чемпионаты кубогін Израилдың өнер жұлдыздары жеңіп алды.
Айта кетейік, израилдықтар финалда Ресейдің командасымен тең ойнап, төреші белгілеген пенальтида басым түскен болатын. Сондай-ақ, үздік үштікті Румыния қортындыласа, төртінші тұғырға неміс әртістері жайғасты.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: zakon.kz.