АСТАНА. 14 маусым. Өткен түнде Грузия астанасы – Тбилиси қаласында жойқын су тасқыны болды. Апаттың салдарын жою жұмыстарына аты аңызға айналған футболшы, бүгінде Грузияның вице-премьері, сондай-ақ, энергетика және табиғи ресурстар министрі Каха Каладзе де белсене қатысуда. Бұл туралы tribuna.com хабарлады.
Елдің Қаржы министрлігі хабарлағандай, төтенше жағдай салдарынан 18 миллион доллар шығын келген. Ең өкініштісі, нөсер жауыннан кейін орын алған апаттан 12 адам қаза тапты. Қайғылы жағдайға байланысты Грузия билігі 15 маусымды қаралы күн деп жариялады.
Каха Каладзе Киевтің «Динамосы» (1998-2000 жж.) мен «Милан» (Италия, 2001-2010 жж.) футбол командаларында жасындай жарқылдаған даңқты футболшы. 2012 жылы үлкен спортпен қоштасқан ол саясатқа араласып, ел билігінің бір тұтқасын ұстады. Содан бері Отанына қалтқысыз қызмет етіп келеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: tribuna.com.