• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қыркүйек, 2024

Астан улануы мүмкін: Маңғыстау облысында тағы 16 оқушы ауруханаға жүгінген

139 рет
көрсетілді

12 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы орта мектептің 16 оқушысы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, олар астан улануы мүмкін, деп жазады Egemen.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Кеше кешкі сағат 18:34 шамасында аталған мектептің 16 оқушысы іш ауруымен медициналық көмекке жүгінген. Мамандар тиісті ем-шара жүргізгеннен кейін оқушылар үйлеріне жіберілген.

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқарма мектептегі астан, ауызсудан сынама алып, сараптамаға жөнелткен.

«Қабылдау бөлімінде балаларға регидратация және инфузионды терапия жасалды. Сағат 21:43-тегі жағдай бойынша 16 бала үйіне қайтарылды. Оқушылардың денсаулығы бірқалыпты. Бүгін барлығы мектепке барды», делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.