• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 13 Қыркүйек, 2024

Олжас Бектенов Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты

175 рет
көрсетілді

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Шымкентке жұмыс сапары аясында мегаполистің қазіргі даму барысымен және Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шараларымен танысты, деп жазады Egemen.kz.

«Оңтүстік» индустриялды аймағында Олжас Бектенов сусындарға арналған алюминий қалбырлар мен қақпақтар шығаратын QazAlPack кәсіпорнына барды. Кәсіпорын жылына 1,2 млрд дана банка шығарады. Зауытта 360 адам жұмыс істейді.

QazAllPack ЖШС директоры Рустам Сухов автоматтандырылған өндіріс процесін таныстырып, қаптаманың бұл түрі өзінің тұтынушылық қасиеттері бойынша ең прогрессивті әрі экологиялық таза екенін айтты. Заманауи сапа стандарттары бойынша өндірілетін өнімдер ішкі нарықта сатылып, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Мемлекеттік қолдау шаралары мен индустриялық аймақта құрылған қолайлы жағдайлардың арқасында компания 2025 жылға қарай екінші өндірістік желіні іске қосып, өнім көлемін 2,3 млрд банкаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

«Шымкент қаласының жалпы өнеркәсіп негізін ауданы 1 276 гектарды құрайтын 7 өнеркәсіп аймағы, оның ішінде,  бүгінде 293 жоба іске асырылған, 8,2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. «Оңтүстік» инвестициялық портфеліне жалпы құны 151,3 млрд теңгені құрайтын 70 жоба кіреді», деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов.

Үкімет басшысы сондай-ақ «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» мұнай өңдеу зауытында түрлі отын түрлерін өндірудің технологиялық тізбегімен танысты. Кәсіпорын жылына 6 млн тонна мұнай өңдейді. Шығарылатын өнім түрлерінің қатарына автомобиль бензиндері, дизель отыны, авиациялық керосин, сұйытылған көмірсутек газы, мазут және басқа да мұнай өнімдері кіреді.

Мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын жылына 12 млн тонна қайта өңделген мұнайға дейін ұлғайту жобасы қолға алынған. Олжас Бектенов жанар-жағармай нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті.