• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2015

Ақтөбеде қазақ тазыларының көрмесі өтті

424 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 15 маусым. Ақтөбеде қазақ тазысының көрмесі өтті. Оған өңірдегі 20 тазы қатыстырылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазіргі таңда облыста 50-ге жуық қазақы тазы бар. Шымкентен келген кинолог Нина Ясизова Ақтөбенің тазыларын өзара жарыстырып көрді. Дене бітімін, аяқ сүйектерін, тісін, тырнағын байқап, қандарының тазалығына назар аударды. Барлық талапқа сай келген Талғат Ермағанбетовтің 3 жасар Лашыны көрме жеңімпазы атанды. Лашынның осыған дейін де екі мәрте облыстық жарыста жүлдегер болғанын айта кетейік. Екінші, үшінші орындарды Құмай және Ақтабан атты тазылар бөлісті. Көрмені ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, Ақтөбенің қаны таза 15 иті Қазақстан кинологтар одағының тіркеуіне алынған. Бұл бірлестіктің алдағы мақсаты – тазы санын көбейту және тұқымын асылдандыру, сондай-ақ, бүкіләлемдік кинологтар одағына кіру. «Қан сонарда» қоғамдық бірлестігі күзге салым тағы да тазы өсірушілердің көрмесін өткізуді жоспарлап отыр. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: kerekinfo.kz.