• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Алматы 14 Қыркүйек, 2024

Жылыту маусымына дайындық қарқынды

138 рет
көрсетілді

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жұ­мыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Алматы облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы­ның өкілі Ержан Бейбітұлы облыс бойынша 43 қазандық­тың жөндеу жұмыстары аяқта­лып, олардың қуаттылығы мен тиімділігі артқанын алға тартты.

Іле ауданының Боралдай және Байкен ауылдарында­ғы қазандықтарды жаңғыр­ту­ға қосымша қаржы бөлініп, жұ­мыстардың 50 пайызы аяқ­талған. Аталған 5 қазан­дықтың жұмысы қазан айында толық аяқталады деп жоспарланған.

«Сонымен қатар тұр­ғын­дарға қажетті 714 мың тонна көмір жеткізуге келісім­шарт­тар жасалды. Қазіргі уақыт­та өңірге 125,1 мың тонна кө­мір жеткізіліп, орташа бағасы тоннасына 18 500-23 000 теңгені құрайды. Көмір сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық оператор қатаң қадағаланады», деді Ержан Бейбітұлы.

Сондай-ақ өңірде электр­мен жабдықтау желілерін жаңар­ту да белсенді түрде жүзеге ­асырылып жатыр. 1185 км электр же­лісін жөндеу жоспарланып, оның ішінде күрделі жөндеу­дің 85 пайызы, ағымдағы жөндеу­дің 75 пайызы аяқталған. Бұл шаралар желілердің тозуын 5 пайызға төмендетуге, тұрғындарды тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Ал облыстық Төтенше жағ­дайлар департаментінің мем­лекеттік өрт бақылау бас­­қармасының бас маманы Мирас Нұрбайұлының сөзін­ше, өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында әлеуметтік осал топ­тардың үйлеріне көміртегі тотығын анықтайтын 787 датчик орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Бұл шаралар тұрғындар­дың қауіпсіздігін арттыруға және жылыту маусымының ке­дергісіз өтуіне бағытталған. Дат­чиктер әлеуметтік осал топтардың үйлеріне тегін орна­тылады. Сонымен қатар тұр­ғындарға өрт қауіпсіздігі бо­йынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», дейді төтеншелік маман.

Айта кету керек, өңірде қазандықтардың тиімділігін арт­тыру мен тұрғындардың қауіп­сіздігін қамтамасыз етуге бағыт­талған бұл шаралар қыс­қы маусымның қиындықсыз әрі кедергісіз өтуіне септігін тигізбек.

 

Алматы облысы