• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қыркүйек, 2024

Су тасқыны: Ақтөбе облысында 16 отбасы баспаналы болды

175 рет
көрсетілді

Су тасқынынан зардап шеккен Ойыл ауданының Ақкемер ауылы тұрғындары баспаналы болды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Qazaqstan.tv ақпараты бойынша, су тасқыны салдарынан тұрғын үйлерінен айырылған 16 отбасыға аумағы 80 шаршы метр болатын 3 бөлмелі пәтерлердің кілттері табысталған. Жаңа үйлердің әрқайсысы шамамен 28,5 миллион теңгеге бағаланған.

Айта кетейік, пәтерлерге инженерлік желілер түгел тартылған. Ал құрылыс барысын тұрғындардың өздері бақылаған.