• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Ән 18 Қыркүйек, 2024

Димаш Құдайберген: Қазақ екенімді мақтан тұтамын

147 рет
көрсетілді

Бұл туралы әйгілі әнші Euronews телеарнасына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ол сұхбат барысында карьерасы, ұлттық құндылықтар туралы ойларын бөліскен. Домбыраны атасы үйреткенін еске алып, әрбір нағыз қазақ міндетті түрде домбыра тартуды үйренуі қажеттігін тілге тиек еткен.

Димаш Құдайберген өзінің бейнебаяндарында Қазақстанның көрікті жерлерін неліктен жиі түсіретінін де түсіндіріп: «Қазақ екенімді мақтан тұтамын. Міндетім – әлемге еліміздің мәдениетін, әуендерін таныстыру. АҚШ және Еуропа мен Азия елдерінде 20-30 мың адамның алдында өнер көрсеттім, бұл менің қолдаушыларымның арқасы», деді.