• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Қыркүйек, 2024

19 мыңнан астам мопед жүргізушісі жол ережесін бұзған

73 рет
көрсетілді

Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 19 мыңнан астам мопед пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Алматыда мопедтердің қатысуымен 523 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 535 адам жарақат алып, 11 адам қаза тапқан. 1,5 мыңнан астам мопед мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған.

«Алматы тұрғындары, оның ішінде жастар мопедтер, самокаттар, скутерлерді кеңінен пайдаланады. Өкінішке орай олар қарапайым жол қозғалысы ережелерін сақтамайды. Ережелерді елемегендіктен жол апатын тудырады.  Мұның соңы кейде адам өлімімен аяқталады», деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Оралбек Ахимов.