• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Елорда 24 Қыркүйек, 2024

Елордада жылыту маусымы басталды

109 рет
көрсетілді

Сыртқы ауа температурасының төмендеуін ескере отырып, қала әкімдігі 2024-2025 жылғы жылыту маусымының басталуы туралы қаулы қабылдады, деп жазады Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен жылу беру басталды. Барлық нысандарды толық қосу екі-үш күн ішінде жоспарланып отыр.

Бұған дейін әлеуметтік нысандар олардың өтінімдері бойынша (мектептер, балабақшалар, емханалар) жылытуға қосылған еді.