• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Референдум 25 Қыркүйек, 2024

Шымкентте сенаторлардың АЭС бойынша кездесулері өтті

130 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров, Нұртөре Жүсіп және Айгүл Қапбарова «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында болып, «ONTUSTIK» өңірлік телеарнасының, Шымкент қаласындағы №11 аурухананың және «Бал Текстиль» ЖШС ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге қатысушылар атом энергетикасын дамытудың келешегін, оның әлеуетін және Қазақстанның энергетикалық болашағы мен қауіпсіздігіне қосқан елеулі үлесін талқылады.

Сенаторлар атом энергетикасы әсіресе, өнеркәсіпте және экономикалық өсіп-өркендеу кезінде энергияға өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру бойынша аса маңызды екенін айтты. Нұрлан Бекназаров экономиканың тұрақты дамуы және ресурстық экономикадан жоғары технологиялық индустрияға көшу үшін сенімді базалық энергия қажет екенін жеткізді.

«Қазіргі заманғы реакторлардың негізгі ерекшелігі – сыртқы және ішкі төтенше жағдайларда қондырғының тұрақтылығын жоғары деңгейде қамтамасыз ететін белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерінің үйлесім табатыны. Сонымен қатар радиоактивті қалдықтармен жұмыс жөніндегі қолданыстағы заңнамада атом электр стансалары мен басқа да салаларда, оның ішінде медицина, өнеркәсіп және ғылыми зерттеулерде оларды қауіпсіз сақтауға қойылатын талаптар нақты реттелген», деді Нұрлан Бекназаров.

Нұртөре Жүсіп өз кезегінде алдағы жалпыхалықтық референдум мемлекет үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан халқы үшін салмағы зор шешім қабылдаудың шешуші сәті болатынын атап өтті.

«Алдағы референдумның нәтижесі еліміздің одан әрі дамуының кілті болмақ. Атом электр стансасын салу – электр энергиясының тұрақты көзімен қамтамасыз етудің жолы ғана емес, сонымен қатар сабақтас салаларды: заманауи технологияны, құрылыс, ғылым мен білім беруді дамытудың қуатты катализаторы. Оның елімізге энергия тапшылығы жағдайын жақсартуға және энергияға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беретінін түсіну маңызды. Атом электр стансасының құрылысы осы жолдағы маңызды қадамдардың бірі болуы тиіс», деді Нұртөре Жүсіп.