• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Референдум 25 Қыркүйек, 2024

Сенатор Ақтөбе тұрғындарына референдумның маңызын түсіндірді

128 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Бауыржан Қаниев Ақтөбе облысындағы Темір және Мұғалжар аудандарының тұрғындарымен бірге алдағы болатын референдум тақырыбын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Сенаттың баспасөз қызметінің мәлім етуінше тұрғындар кездесулер барысында атом электр стансасын салудың артықшылығы мен қауіптеріне қатысты сұрақтар қойды. Көбі экологиялық қауіпсіздік мәселесіне, құрылыстың қоршаған ортаға әсеріне, сондай-ақ аймақ өмірінде болуы мүмкін әлеуметтік-экономикалық салдарына назар аударды. Депутат жобаның Қазақстанның жер қойнауынан алынатын отынына тәуелділікті төмендетуге бағытталғанын түсіндіріп, жан-жақты жауап берді.

Сенатор атом электр стансасын салу – кең қоғамдық талқылауды қажет ететін стратегиялық шешім екенін атап өтті. Оның айтуынша, әрбір азаматтың референдумға қатысуы энергетика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудың маңызды бөлшегі болып табылады.

«Маңызды жобаның барлық мәселелерін мұқият қарастыруымыз керек, өйткені оны жүзеге асыру жауапты және салмақты ұйғарымды қажет етеді. Біз барынша ашық болуға ұмтыламыз. Сіздер белсенді азаматтық ұстаным танытып, алдағы референдумға қатысасыздар деп үміттенемін. Өйткені, бұл біздің энергетикалық саясатымыздың болашағын белгілейді», деді Бауыржан Қаниев.