• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Қыркүйек, 2024

«Үйге қайтадан кірген»: Пәтер өртінен кейуана қаза болды

140 рет
көрсетілді

Оқиға Ақмола облысының Щучье қаласында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көппәтерлі бір қабатты тұрғын үй өртенген. Жанып жатқан пәтерге кірген  кейуана жан тапсырған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше өрт кезінде пәтерде әйел адам және оның 83 жастағы анасы болған. Олар түтінге тұншыққан соң сыртқа шыққан. Алайда, белгісіз себептермен зейнеткер жанып жатқан үйге қайтадан кірген. Өрт сөндірушілер қарияны сыртқа алып шыққанымен, ол көп ұзамай көз жұмған.