«Astana Hub» халықаралық технопаркі елімізде жасанды интеллектіні (ЖИ) дамытатын «AI Movement» бастамасын іске қосты. Бұл жоба Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмасы аясында жүзеге асып отыр.
Ауқымды жоба таланттарды тарту, оқу және ресурстар секілді үш бағытты қамтиды. Бірінші бағыт аясында жасанды интеллект саласындағы біліміңізді тексеріп, бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік беретін «Astana Hub» мобильді қосымшасындағы «AI Quest» ойыны мен өңірлерде ЖИ технологиясын насихаттауды мақсат еткен «Roadshow» ұйымдастыратын ірі мультилокациялық хакатон – «Decentrathon 2.0.» жобаларын жүзеге асырады.
Екіншісі жасанды интеллект саласындағы мамандардың білім деңгейін көтеруге арналған. Бұған «AI People Bootcamp» (4 апталық онлайн интенсив) және «ЖИ негіздері: ChatGPT» онлайн курсы секілді оқу бағдарламалары кіреді. Сондай-ақ «Tomorrow School» жасанды интеллект мектебін ашу мен «Tech Orda» бағдарламасы аясында мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орны оқытушыларының біліктілігін арттыру да көзделіп отыр. Мұның бәрі – жасанды интеллект саласындағы жаңа буын мамандарын даярламақ.
Сонымен қатар «Astana Hub» ашық түрде ЖИ стартабы мен моделін меңгеруге арналған ашық дерек жинақтары жайында ақпарат ұсынады. ЖИ стартаптарының дамуына қаржылық қолдау көрсететін «AI’preneurs» атты акселератор жұмыс істейді.
Жобада қатысушылардың ынтасы мен оқуға қызығушылығын еселейтін ойындарды қолдануға ерекше ден қойылған. Бұл жасанды интеллектіні меңгеретін жаңа деңгейдегі мамандарды қалыптастыруға ықпал етеді.
Қысқасы, «AI Movement» еліміздегі жасанды интеллектіні дамыта отырып, келесі жылы ашылатын Ұлттық жасанды интеллект орталығын құруға негіз қаламақ.