Астананың «Қазмедиа» орталығында «ҮРКЕР - 2024» ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҮРКЕР» ұлттық сыйлығы 12 номинация бойынша табысталды.
Ұйымдастырушылар БАҚ өкілдерінен 400 өтінім түскенін хабарлады.
Айта кетейік, БАҚ өкілдерінің жұмыстарын беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа-сарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалады.
Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына естелік мүсінше мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.
Одан бөлек ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Время» газеті ұжымына арнайы сыйлық табыстады.
Сондай-ақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Заң» газетіне де марапат бұйырды.
«ҮРКЕР» сыйлығының жеңімпаздары:
1. Жылдың үздік сұхбаты – Нұрлан Оразғалиев (Inbusiness.kz); 2. Жылдың үздік репортажы – Юлия Абрамова (Nur.kz); 3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал – Ксения Евдокименко (Time.kz); 4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі – Нұрлат Байкенже («Астана ақшамы» газеті); 5. Жылдың үздік аналитикалық материалы – Тимур Ниталиев (Ulysmedia.kz); 6. Радиостанциядағы үздік жоба – Қымбат Досжан (Қазақ радиосы); 7. Жылдың үздік фотосуреті – Сали Сабиров (Olympic.kz); 8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы – Abai.kz; 9. Үздік өңірлік БАҚ – «Наш Костанай» газеті; 10. Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында) – Торғын Ашенова («Омбы қазақтары» газеті); 11. Үздік подкаст – NeQuryltay; 12. Үздік YouTube каналы – Sayahat Time (balbal.kz).