Талдықорғанда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққаны бақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Видео әлеуметтік желіде жарияланды.
«Баланы ұрған. Мұндай қызметкерлердің болатыны өкінішті», – делінген бейнеролик сипаттамасында.
Жетісу облысының прокуратурасы бұл факт бойынша Талдықорған қаласының полиция басқармасы іске кіріскенін хабарлады. Бұл факт облыс прокуратурасының бақылауына алынған.