Полиция қызметкерлері Өскемен тұрғынынан заң бұзушылық фактісі туралы хабарлама алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері зоодүкенде тексеру жүргізіп, сатушылардан ұстауға және сатуға рұқсаты жоқ үш ортаазиялық тасбақаны тәркілеген.
Айта кетсек, ортаазиялық тасбақа осал түр ретінде Халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл тізіміне енгізілген, сонымен қатар жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциямен (СИТЕС) қорғауға алынған.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, аталған факті бойынша іс қозғалды.