ҚР Бас прокуроры Берік Асылов елімізде жасөспірімдердің өзіне қол жұмсау фактілері көбейгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бас прокурор балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырғанын тілге тиек етті.
«Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді», деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
Берік Асылов Бас прокуратура мемлекеттік органдармен бірлесіп, суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.
«Сондай-ақ қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеп жатырмыз. Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейтін боламыз», делінген Бас прокурордың жазбасында.