• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қазан, 2024

Академик Аманжол Қошановқа арналған конференция

195 рет
көрсетілді

Тәуелсіздігін алған еліміз жа­ңа экономикалық бағыт­қа, яғни нарықты игеру жолы­на түсуге бет алғанда ға­лым­­­дарымыз оны шұғыл зерт­­­­­теп, өкіметке оңтайлы ұсы­­­­ныс­­тар жасауға ты­рыс­­ты. Соның ішінде академик Аман­жол Қошанов (1934–2021) отан­­­дық экономикалық ғы­лымды қайта құруға, на­рық­қа өтудің ғы­лыми негіз­де­рін қамтамасыз етуге ұм­­­­тылды. Оның ғы­лы­ми ж­е­­тек­­шілігімен бір топ ға­лым «Аралас эко­но­ми­калық қо­­­­­­ғам қа­лып­тас­тыру – Қазақ­стан­­­ның нарық­тық дамуы­ның транс­фор­ма­­циялық ­үл­гі­­сі» атты жаңа бағыт қалып­тастырды.

Ғалымның «Мен­шік қа­ты­­нас­тарының қай­та құрылуы және ұлт­тық мүдде­лерді іске асыру» атты еңбе­гін Мәскеу мен ТМД орта­лық қалаларының ғылыми жур­­нал­дарында жариялады. Ғалым­ның жетекшілігімен басқа да ғылыми дәл­дігі жоғары ұсыныстар мен пікір­­лер жазылып жатты. Бірақ мұны ел Үкіметін сол жылдарда басқар­ғандар қабылдамады, оның жаз­ған­дарына жауап бе­рілмеді. Өйткені олар өзіміздің жағдайға сәй­кес өзгешеліктерді жасау мүм­кін емес деп ойлады. Сөйтіп, ғалым­дарымыздың қанатын қыр­қып, олардың ақыл-ойларын керек қылмай, дамуды жергілікті жағдайға сәйкес емес жолмен әкетіп, ақырында экономиканы барынша әлсіретті.

Академик Аманжол Қошанов Солтүстік Қазақстан облы­сын­дағы Алқа-Ағаш ауылында туған. Ол – әйгілі Шал ақынның кіндігінен тарайтын Қошан ақса­қал­дың перзенті. Аудан орта­лығы Марьевка селосындағы орта мектепті алтын медальға бітіргеннен кейін Мәскеудің мем­лекеттік университетіне түседі. Оны аяқтаған соң еңбек жолын 1957 жылы Ақтөбенің коо­перативтік техникумында сабақ беруден бас­тап, 2 жылдан кейін Ғылым академиясы экономика институтына ауысып, өмірінің соңына дейін осы орында қызмет істеп, кіші ғылыми қызметкерден оның директорына дейінгі баспалдақтардан өткен. Ол 400-ден астам ғылыми еңбек жазған, соның 38-і – монографиялар. 1979 жылы докторлық диссертация қорғап, 1989 жылы академик атағын алған. Ғалым 2004 жылы «Парасат» орде­німен, 2014 жылы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, 2015 жылы Мем­ле­кеттік сыйлық алған және көп­те­ген медальмен мара­патталған. Оның еңбек­тері шетел­дерде де жо­ғары баға­ланып, ға­лым­­­ның есімі әлемдік энциклопе­диялар мен анықтамалықтарға ен­ген. Аман­жол Қошанов – Сол­түс­тік Қазақ­стан облысының және Ал­маты қаласының құрметті азаматы.

Жуырда Қызылжар қаласында «Академик Аманжол Қошанов және Қазақстанның экономика­лық ғылымы» атты ғылыми-тео­рия­лық конференция өтті. Бұл іс-шара марқұм ғалымның туғанына 90 жылдығына арналды. Оған Алматыдан, Астана­дан келген ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, ғалымның етжақын туыстары қатысты. Жиын Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақыл­бек Күрішбаевтың, Сол­түстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің құттық­тауымен ашылды.

Ғалымның қосағы, биоло­гия ғылымдарының кандидаты Рау­шан Қошанова баяндамасында жарының архивінен жал­пақ жұртқа белгісіз болып келген көп­­теген деректі тап­қанын айтты. Соның ішінде мар­құмның «Қайта құру» жылдарында Солтүстік Қазақстанның экономикалық дамуы туралы жария­ланбаған еңбегі болған екен. Сонымен бірге оның қоғамдық ғылымдар­дың бәріне атсалысып, пікір айтқаны туралы баян­дады. «Ол мінезі өте жұмсақ, парасатты жан еді. Аспиранттарының жұмысын бүге-шігесіне дейін оқып, пайдалы пікірлерін айтудан жалықпайтын. Оның жетекшілігімен 16 докторлық диссертация қорғалды. Ол еліміз­дің ғылымына, экономиканың дамуына қатты алаңдайтын», деді Раушан Ғафарқызы. Өзінің інілері мен қарындастарына мамандық таңдауда пайдалы кеңестер беріп, оларды өзінің соңынан ермей, басқа салалардың мамандары болғанын қалаған екен. Соның арқасында оның інісі инженер-құрылысшы, бір қарындасы дәрігер, тағы бірі сауда саласының маманы болыпты. Раушан Қошанова біз жоғарыда айтқан ойымызды нақтылап, ғалымның ұзақ уақыт бойы сарылып, үзеңгілестерімен бірге нарықтық экономикаға көшуді зерттеп, тұжырымдарын Үкіметтің қарауына тапсырғанын, алайда оған жауап та берілмегенін айтты. «Тек қазір ғана оның осы тұжырымдары талқыланып жатыр», деді ол.

Конференцияда экономика ғылымдарының докторлары Сәуле Қалиева, Анатолий Башмаков, тарих ғылымдарының докторы Қадыр Ахметов, педагогика ғылымдарының докторы Еңлік Жұматаева, ғалымның қызы, экономика ғылымдарының кандидаты Жанар Қошанова және т.б. баяндама жасады. Аман­жол Қошановтың өмірінен сыр шертетін фотографиялар мен еңбектерінен тартымды көрме де ұйымдастырылып, көрер­мендердің көзайымы болды. Кон­ференцияның қарарында Петро­павл қаласының бір көшесі және жоғары экономика­­лық кол­ледж Аманжол Қошанов есімі­мен аталсын деген ұсыныс жасалды.

 

ПЕТРОПАВЛ