• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 02 Қазан, 2024

Қызылордада алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды

162 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының сол жағалауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 900 орындық жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.

«Биыл өңірдің білім саласына бөлінген қаржы 262 млрд 100 млн теңгеге жетіп, облыс бюджетінің 35,2 пайызын құрады. Ұлттық жоба аясында 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп салынады. Осы жобамен өңірімізде 12 300 орынға лайықталған 21 мектеп салу жоспарланған, оның 10-ның құрылысы басталды. Жобаны іске асыру арқылы аймағымыздағы 4 апатты және 3 бейімделген мектептің мәселесі шешіледі. Бүгін республикалық бюджеттің тікелей қаржыландыруымен, "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының үйлестіруімен, 6 млрд 851 млн теңгеге салынған облыстағы алғашқы 900 орындық "Жайлы мектеп" ел игілігіне берілді. Бұл ғимарат Қызылорда қаласының сол жағалауы тұрғындарының мемлекеттік мектепке деген сұранысына толық жауап береді. Білім ордасында шәкірттердің толыққанды білім алуына, ұстаздардың шығармашылықпен еңбек етуіне барлық жағдай жасалған», деді Нұрлыбек Нәлібаев.

«Самұрық-Қазына Констракшн» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовте жылы лебізін білдірді.

Қызылорда облысы әкімдігінің айтуынша жыл соңына дейін 12 жаңа мектеп және 4 мектеп жанындағы қосымша құрылыс аяқталып, пайдалануға беріледі. Өткен жылы 1 170 орындық 4 мектеп, осы жылдың басында 550 орындық 2 мектеп ел игілігіне берілді. Биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында Шиелі ауданында «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қорының қаржыландыруымен 100 орындық, Жаңақорған ауданында жергілікті бюджет есебінен 150 орындық мектептер ел игілігіне табысталған.