• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Референдум 2024 01 Қазан, 2024

Ел азаматтары референдумда қалай дауыс бере алады

475 рет
көрсетілді

2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Оған Қазақстан азаматтығы бар кез-келген 18 жасқа толған адам қатысып, өз таңдауын жасай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтарды тізімге енгізу

Әкімдіктер республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген Қазақстан азаматтарын енгізеді.

Тұрақты тіркелген жері бойынша емес, өзінің тұрған жері бойынша дауыс бергісі келетін азамат әкімдікке өтініш беруге құқылы.

Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімде бар-жоғын тексеріп, тізімге ену үшін қайда жүгіну керектігін әкімдіктің интернет-ресурсында немесе жергілікті атқарушы органның Call-орталығына қоңырау шалу арқылы біле алады.

Референдум учаскелерінде азаматтар дауыс беру күніне 15 күн қалғанда референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдеріне енгізілген деректердің дұрыстығына көз жеткізе алады.

Әрбір азамат өзі туралы деректерді тексеруге құқылы

Түзетулер енгізу немесе азаматтар тізіміне енгізу қажеттілігі туралы өтінішті учаскелік референдум комиссиясы қарайды.

Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері

Тұрғылықты жері өзгерген азамат референдумның басқа сайлау учаскесінде дауыс беру үшін есептен шығару куәлігін ала алады.

Мұндай куәліктерді 20 қыркүйектен бастап алуға болады. Есептен шығару куәліктерін беру 5 қазанда сағат 18:00-де тоқтатылады.

Дауыс беру кезінде азамат есептен шығару куәлігін және жеке басын куәландыратын құжатты (оның ішінде электрондық нұсқаны) ұсынады.

Учаскелік референдум комиссиясы ел азаматтарын республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміне енгізеді және дауыс беруге арналған бюллетень береді.

Куәлік тек бір рет пайдаланылады және азамат дауыс берген учаскеде қалады.

Есептен шығару куәліктері жоғалған жағдайда олар қалпына келтіруге жатпайды.

Есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға берілмейді.