Polisia.kz-тің жазуынша, ұсталған базар сатушысынан жеке тінту кезінде ветеринариялық бақылаудан өткені туралы ауыл шаруашылығы жануарларының ұшаларына мөр басуға арналған «алдын ала тексеру» жалған мөрі тәркіленген.
Мөрді бір айдан астам уақыт бойы қолдана отырып, ол Астана базарында ет сатуға рұқсат беру үшін әкелінген ет өнімдерін «тексеруді» жүзеге асырған.
Ұсталған күдіктіге және базар әкімшілігіне мал ұрлығына және ұрланған етті сатуға қатысы бар болуы мүмкіндігін анықтауға бағытталған тергеу амалдары және жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.