• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қазан, 2024

«Sergek»: Биыл Семейде 200-ге жуық жол-көлік оқиғасы болған

128 рет
көрсетілді

Семейде жаяу жүргіншілерді өткізбеген жүргізушілер «Sergek» АӨК камералары арқылы анықталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған жаңалық азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға және облыс орталығындағы апаттылықты азайтуға бағытталған.

Polisia.kz-тің жазуынша, биыл қаланың жаяу жүргіншілер өткелдерінде 200-ге жуық жол-көлік оқиғасы болып, 7 жаяу жүргінші көз жұмды. Оның ішінде өткелдердің өзінде 2 оқиға болған екен.

Абай облысының Полиция департаменті қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

«Біздің басты мақсатымыз - жаяу жүргіншілерді қорғау және қозғалыстың барлық қатысушыларының ережелерді сақтауын қамтамасыз ету. «Sergek» жүйесінің камералары жол қауіпсіздігін арттырудың және жол қозғалысы ережелерін елемейтін жүргізушілерді бақылаудың маңызды құралы болып саналады», деді ПД бастығының бірінші орынбасары Ернар Базаров.