• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Мәдениет 03 Қазан, 2024

Ринат Заитов: Төл өнерге төр керек

120 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік алғалы бері еш ескерілмей тасада қалған ұлттың төл өнерін төрге шығаратын уақыт келді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ринат Заитов мәслихат депутаттарының форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Қорқыт атамыздың қолынан түспеген қобыз, Сүйінбай сөзімен абырой-намысымызды асқақтатқан айтыс, күй атасы Құрманғазы мен Тәттімбет, Маңғыстаудан Сыр бойына дейін жыр төккен сүлейлер мен қайқылар, әлемді әнімен мойындатқан Әмірелердің мұрасы бүгінгі күні өздеріне лайық тұғырға орналаса алмай келеді.

Ұлттық дәстүр мен өнердің ордасына айналатын оңаша шаңырақ қажет. Мәселен, Қытайдағы дәстүрлі Пекин орталығы, Италиядағы Ла-скала, Қырғыз ағайынның дәстүрлі Манас орталығы өз ұлтының төл өнері мен дәстүрін сақтап, дамытып отыр. Бізге де осындай республикалық деңгейдегі ұлтымыздың ән, күй, жыр, айтыс-термесін әлемге танытатын бір дәстүрлі ұлттық театр ауадай қажет. Ол жай ғана театр емес, қазақ ұлтының рухани байлығын баршаға паш етіп, ұрпақ тәрбиесіне оң әсерін тигізетін орталық болатынына еш күмәнім жоқ», деді Ринат Заитов форум барысында.