• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Ауа райы Кеше

Найзағай ойнап, үсік жүреді: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы

100 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 4 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, үсік жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында да екпінді жел соғады, күндіз күші 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

«Жетісу облысының орталығында температура 2 градусқа төмендеп, үсік жүреді. Қызылорда облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарда екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады», дейді мамандар.

Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Мамандардың болжамына қарағанда, Атырау облысының басым бөлігінде де төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтсүтігінде, оңтүстік-батысында 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар