• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Отбасы 05 Қазан, 2024

Жас отбасының үшемі

41 рет
көрсетілді

Атырау облысында 29 жастағы келіншек өмірге үш ұл (үшем) әкелді. Облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келген үшем­нің салмағы үш түрлі – 2 кило 249, 2 кило 533, үшіншісі – 2 кило 608 грамм.

Үшем­нің ата-анасы Құр­ман­­ғазы ауданындағы Сафон ауылында тұ­ра­ды. Жас отбасы 2016 жылы отау құрған. Бұған дейін Мұрабек Құ­маров пен Арай Ерғалиева – бір ұл мен бір қыздың ата-анасы. Енді көпбалалы отбасына айналды. «Өмірге үш ұлды аман-есен әкелген келінімізге ризамыз. Бірден үш сәбиді босану оңай емес. Немерелерін әжесі үйде күтіп отыр. Сәбилерге Нұрислам, Нұриман, Нұрмұхамбет есімін бердік. Перинаталдық орталық дәрігерлерінің еңбегіне табыс тілейміз», дейді үшемнің атасы Салық Испергенов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиевтің айтуынша, жыл са­йын 170-ке жуық егіз дүниеге келе­ді. Ал бұл үш ұл – биылғы екін­ші үшем.

Үшемнің анасы ауылдағы мек­тепте жұмыс істейді. Тарих пәні­­нен сабақ береді. Әкесі былтыр Құрманғазы аудандық поли­ция бөліміне жұмысқа орналасып­ты.

«Өмірге сәби әкелу – әр ананың арманы әрі ерекше бақыты. Дәрігерлер сәбилерімнің аман-есен дүниеге келуіне көп қолдау көрсетті», дейді Арай Ерғалиева.

 

Атырау облысы