Қазақстанның халық артисі, танымал эстрада әншісі Роза Рымбаева АЭС салу мәселесі бойынша референдумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әнші №17 мектеп-интернатта орналасқан №387 сайлау учаскесіне барды.
Роза Рымбаева бүгінгі референдум әрбір азамат үшін тарихи күн екенін атап өтті.
«Азаматтарымыздың референдумға қатысуы – ел дамуындағы маңызды қадам. Осындай сәтте бәріміз белсенді болуымыз керек. Себебі мемлекетіміздің келешегі - біздің таңдауымызға байланысты», деді ол.