• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2024

«Қашаған» кен орнында 800-ден астам мұнайшы таңдау жасады

116 рет
көрсетілді

Каспий теңізінің отандық секторындағы «Қашаған» кен орнында вахталық ауысыммен 800-ден астам мұнайшы жұмыс істейді. Кен орнына тікұшақпен референдум комиссиясы аттанып кетті.

Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың айтуынша, «Қашағандағы» мұнайшылар жұмыс орнында дауыс береді.

«Мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарда вахталық ауысыммен жұмыс істейтін жұмысшылар бар. Мәселен, «Теңіз» кен орнында 6 адам тіркелді. Атырау облысының аудандары мен еліміздің әр өңірінен келген олардың жұмыс орнында дауыс беруі үшін 7 референдум пункті ұйымдастырылды. «Ембімұнайгаз» АҚ мұнайшылары да жұмыс орнында дауыс беріп жатыр. Ал Каспий теңізіндегі «Қашаған» кен орнында 800-ден астам мұнайшы жұмыс істейді. Олардың референдумнан тыс қалмай, дауыс беруіне мүмкіндік жасалып отыр. Осы мақсатта «Қашаған» кен орнына тікұшақпен референдум комиссиясы аттанып кетті. Мұнайшылар жұмыс орнында дауыс береді», деді Азамат Айманакумов.